Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту": Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар міндет жүктеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руслан Жақсылықов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руслан Жақсылықов. Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы және әскердің жауынгерлік дайындығына қатысты жаңа тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндаған.

Сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселесіне, ұшқышсыз ұшатын ұшақ кешендерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қару-жарағын, жаңғыртылған бронды техника мен байланыс құралдарын қоса алғанда, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.

Бұдан бөлек, министр президентке азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларға берілетін ақшалай қаражатты арттыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берген.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін де атап өткен.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге отандық қорғаныс бағытындағы кәсіпорындармен ықпалдастық жасау, аумақтық қорғанысты және Арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, әскери-патриоттық жұмысты күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049075-toqaev-qorganys-ministri-ruslan-zaqsylyqovty-qabyldady/

pixel