Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы айтты

Опубликовано:

Ербол Қарашөкеев
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірде ауыл шаруашылығы саласында құны 8,6 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске асуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Еліміздің аграрлық секторында Жамбыл облысының маңызы жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, оның ішінде қайта өңдеу бағытында жұмыстарды күшейтуге айрықша басымдық берілуде", - деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға ағымдағы жылы өңірде субсидиялар ретінде 25,1 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларға 1,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын, 552 шаруа қожалығына – жоғары өнімді тұқым сатып алуға мүмкіндік берді.

Облыстағы ірі қара мал басы 5,8%-ға (521 мың бас), қой - 9,8%-ға (3 593 мың бас), жылқы – 9,7%-ға (181 мың бас) артса, ет өндірісінің өсімі 3,6% (108 мың тонна), сүт – 1,4% (294 мың тонна) болды.

Егін
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР үкіметінің төтенше резервінен бөлінген қаражат шеңберінде суармалы су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруалардың шығындарын өтеу бойынша 358 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы 2,7 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Алма жинау
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы саласында құны 8,6 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске асуда. Нәтижесінде 159 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінде төрт жоба іске қосылған. Жалпы бұл жобалар көкөніс қоймаларының қуаттылығын 41 мың тоннаға, сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын 7 мың тоннаға, ет өндірісін 7,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жыл қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 535 млрд теңгеге дейін жетеді деп күтіледі.

Даладағы жұмыстар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде "Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы да тоқталып өтті. Жалпы 2019-2022 жылдары 18,3 млрд теңгеге төрт мыңға жуық жоба қаржыландырылды.

Биыл аталған жоба аясында облыстың 10 ауданының 38 ауылдық округіне 24 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 18,9 млрд теңгеге 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Ал 2024-2025 жылдары 91 ауылдық округте 45 млрд теңгеге 17 мың жоба несиелендіріледі деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049218-zambyl-oblysynyn-akimi-onirdegi-auyl-saruasylygy-salasynyn-damuy-turaly-aitty/

pixel