Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасын салу жоспарланып отыр – Ербол Қарашөкеев

Опубликовано:

Ербол Қарашөкеев
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында өңірдегі суармалы сумен қамтамасыз ету бағытындағы атақарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жаңадан салынуы көзделген су қоймаларының жалпы сыймдылығы - 46,2 млн текше метр. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 1,4 млн текше метр болатын 3 су қойманың құрылысы жүруде. Сондай-ақ Жамбыл ауданы Жасоркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және қолданыстағы 2 су қойманың (650 млн текше метр) жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Брифинг
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыстың алты ауданында су инфрақұрылымдық нысандарын жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы 876 шақырым және суармалы алаңы 69 мың га алқапта 361 су шаруашылығы нысаны қайта жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған.

Су объектілерін реконструкциялау
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Вегетациялық кезеңде су тапшылығы болатын аудандарда жерасты суларын пайдалануға басымдық беріліп, ұңғымалар қазу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма іске қосылған, пайдаланылуда десек, тағы 543 ұңғыма қазу көзделген.

Су объектілерін реконструкциялау
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүргізіліп жатқан жұмыстар вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Су объектілерін реконструкциялау
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049225-zambyl-oblysynda-2025-zylga-deiin-13-su-qoimasyn-salu-zosparlanyp-otyr-erbol-qarasokeev/

pixel