Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті

Опубликовано:

Ресей елшісі
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісін қабылдады. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

️Кездесу барысында Қазақстан президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті.

️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049286-toqaev-reseidin-qazaqstandagy-elsisi-aleksei-borodavkinmen-kezdesti/

pixel