Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы базарындағы былық: депутат мәжілісте Әнипа Назарбаеваның атын атады

Опубликовано:

Депутат Нартай Аралбайұлы
Депутат Нартай Аралбайұлы. Фото: parlam.kz

AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа, бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында еліміздің ірі қалаларындағы базарлар мен сауда орындары қызметіне прокурорлық қадағалау туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Алматыдағы Барахолка базарының саудагерлері депутаттарға шағымын жолдаған. Оған сәйкес, кейінгі 10 жылға жуық уақытта "Кенжехан" базарының иесі - Назарбаева Әнипа Әбішқызы болғаны көрсетілген.

"Әнипа Әбішқызының жанындағы адамдар базардағы әрбір сауда орнын 10 мың АҚШ долларына сатқан. Алайда сатып алу жөнінде келісімшарт жасамай, тек контейнердің паспортын берген. Келісімшарт талап еткен жандарды "біз базарға мәңгілік иелік етеміз, уайымдамаңдар" деп қайтарған. Саудагерлердің дерегінше, аталған базарда мыңға жуық контейнер бар", - дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Сондай-ақ Нартай Сәрсенғалиев 2022 жылғы 4 сәуірде "Кенжехан" базарының 100 пайыз үлесі "Митро Консалтинг" ЖШС-ға Розенберг деген азаматқа өткенін атап өтті. Оның сөзіне сенсек, бұл базар 640 млн теңгеге сатылған.

"Жаңадан келген базар қожайындары саудагерлерге контейнерлеріңді қайтадан 325 мың теңгеден сатып алыңдар деген талап қойған. Демек, ел бір орынға екі рет ақша төлеген. Амалсыз ақша берген жандарға тағы да сату-сатып алу туралы құжат берілмеген. Тек келісім қағазы тапсырылған", – дейді депутат.

Саудагерлер талап-арызында базар қожайындары келісімді "Кенжехан" базарындағы нотариуста жасауға міндеттеген. Оған қоса әр саудагер нотариуста келісім жасату үшін 43 мың теңгеден төлеген.

"Әр контейнердің иесінен айына 53 500 теңге ақы алынады деген тәртіп шығыпты. Сонда адамдар контейнерді сатып алады және ай сайын жалдау ақысын төлейді. Мұны шағымданған ел айтып отыр. Төлемесе, контейнерді мөрлеп, жауып тастайды деп ашынады жұрт", – деп атап өтті депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049399-almaty-bazaryndagy-bylyq-deputat-maziliste-anipa-nazarbaevanyn-atyn-atady/

pixel