Экс-министр Сәрінжіпов Назарбаев университетінде басшылық қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:
Назарбаев университетінің басшылық қызметінде кадрлық өзгеріс болды. 4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің шешімімен NU-дың атқарушы вице-президенті болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.
Аслан Сәрінжіпов бұған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрі лауазымында жұмыс істеген және әлемдік деңгейдегі университет болып табылатын NU-ды құрудың басы-қасында болған.
Сонымен қатар оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалған:
- Дархан Біләлов, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын "Абай атындағы ҚазҰПУ" КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры, ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" вице-президенті қызметтерін атқарған.
- Ерлан Шоланов, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, «Нархоз университеті» КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.
- Әсел Уәлиева, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.
"NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049672-eks-ministr-sarinzipov-nazarbaev-universitetinde-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/