Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы жаңа шағын ауданда 7 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Опубликовано:

Көп қабатты үй
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Орал қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасып жатыр. Тиісті жұмыстардың барысын қала әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев тексеріп шықты.

Биыл елімізде Президент тапсырмасы бойынша 15 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салыну қажет. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысының орталығында құрылыс қарқын алды.

Қазіргі таңда Зачаганск кентінде 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Дәл осы әкімшілік аумақта 4 көппәтерлі баспана дайын тұр. Ол пәтерлер екінші деңгейлі банктің жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары арқылы беріледі.

Кіреберіс және ойын алаңы
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Ал енді ғана бой көтеріп келе жатқан Ақжайық шағын ауданында 7 тұрғын үй салынып жатыр. Тағы біреуінің құрылысы аяқталып, нысан алдағы жылдың басында қолданысқа берілгелі тұр.

«Бүгінде баспаналарды негізгі инженерлік желілермен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар ықшам ауданда ұзындығы 27 шақырым көшеге асфальт төселе бастады. Коммуналдық қызмет сапасын оңтайландыру үшін жаңа кәріз-сорғы станциясының құрылысы қолға алынды. Дәл осы гидронысанмен бірге 4,5 шақырым субұру желілері қойылып жатыр», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Пәтер
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Жаңа шағын ауданда барлығы 76 тұрғын үй, 3 мектеп, бір оңалту орталығы мен бір емхана салу көзделген. Қазір қала бойынша баспана кезегінде 22 мыңнан астам адам тұр. Оларды пәтермен қамтамасыз етуде дәл осы жаңа шағын ауданның жобасы оң ықпал етпек.

Нысандарды аралау барысында қала әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев мердігер мекеме өкілдерімен құрылыс жұмыстары кезінде туындаған мәселелерді бірге талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Ол жауапты кәсіпорындарға құрылыс мерзімі мен сапасына, сондай-ақ аулаларды абаттандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049799-oraldagy-zana-sagyn-audanda-7-kopqabatty-turgyn-ui-salynyp-zatyr/

pixel