Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы АМТ кәсіпорнының инвесторы Qazaqstan Steel Group компаниясы болды

Опубликовано:

"АрселорМиттал Теміртау"
"АрселорМиттал Теміртау". Фото: КРЕМ баспасөз қызметі

Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының инвесторы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ QARMET мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық Qazaqstan Steel Group атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен ArcelorMittalTemirtau активтерін сатып алу туралы келісімге қол жеткізді.

Келісімшарттар бойынша QSG АМТ активтері 286 млн АҚШ долларына сатып алынған, сондай-ақ жыл сайынғы 4 рет тең жарнамен төленетін 450 млн доллар мөлшеріндегі қаражат кепілді түрде кейінге қалдырылған төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен қатар келісім жабылған кезде тағы АМТ-ның өтелмеген топішілік қарызын төлеу ретінде 250 миллион доллар төленеді", - делінген хабарламада.

Компания мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта инвестор 3 млрд-тан астам қаржыны инвестициялау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады, оның ішінде келер жылы тіпті 1,3 млрд инвестицияланады.

Ұлттық инвестор қысқа мерзім ішінде мынадай міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алған:

  • Жұмыс барысындағы ұжымдық келісімшарт пен кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесінің сақталуын;
  • Өндіріс орнының қауіпсіздігін және экологиялық ахуалын одан әрі жақсарту;
  • Өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру;
  • Шығарылатын өнім көлемін, номенклатурасын және түрлерін ұлғайту.

Компания баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, инвестордың ресми өкілдері кәсіпорын қызметіне талдау жүргізілген соң толық мәліметтер береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049896-buryngy-amt-kasipornynyn-investory-qazaqstan-steel-group-kompaniyasy-boldy/

pixel