Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Тимур Құлыбаев Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Kazenergy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды", - делінген сайт хабарында.
Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен Kazenergy кеңесінің отырысында шығарылғаны айтылады.
"Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды. Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты - әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу", - делінген сайтта.
Сондай-ақ қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептелетіні, оған жалақы төлеу қарастырылмағаны айтылады.
Еске салайық, бұған дейін Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланғаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049901-timur-qulybaev-kazenergy-toragasy-qyzmetinen-ketti/