Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тағы да Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Опубликовано:

Жүкті салу сәті
Палестинаға гуманитарлық жүк жіберілді. Фото: ТЖМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.

"Тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.

Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

ТЖМ жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050030-qazaqstan-tagy-da-palestinaga-gumanitarlyq-komek-ziberdi-foto/

pixel