Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жеткізіп, 28 адамды эвакуациялады (фото)

Опубликовано:

Палестинаға жеткізілген гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ
Палестинаға жеткізілген гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ. Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді. Сол ұшақпен елге 28 адам жеткізіледі, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасы.

Көмекті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп жеткізген.

Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі. 

"Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетілетін болады. Бұған дейін биылғы 17 қарашада жалпы саны 99 адамнан тұратын азаматтардың бірінші тобы сәтті эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың "Қызыл Жарты Ай" қоғамына тапсырылды. Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп қазақстандық көмекті мұқтаж палестиналықтарға жеткізеді.

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осы ұйымның мүшесі Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050117-qazaqstan-palestinaga-gumanitarlyq-komek-zetkizip-28-adamdy-evakuaciyalady-foto/