Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа өңірді үздіксіз жылумен қамтамасыз етуді тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марат Ахметжанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марат Ахметжанов. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Марат Ахметжанов Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады.

Ақмола облысы әкімі gрезидентке өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екенін айтты. Оның сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.

Марат Ахметжановтың айтуынша, шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатыр.

"Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен. Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылды және "Ақ-Дала Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келеді. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берді", - деді облыс әкімі.

Кездесуде жылыту маусымының барысына да ерекше назар аударылды. Облыс әкімі барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынғанын, Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандардың кезең-кезеңімен жаңғыртылғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Марат Ахметжанов президентке Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді.

Сонымен қатар облыс әкімі мемлекет басшысына халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050271-toqaev-aqmola-oblysynyn-akimi-marat-axmetzanovty-qabyldady/

pixel