Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Qarmet кәсіпорнының жаңа иесіне қандай талап қойылатынын айтты

Опубликовано:

Qarmet кәсіпорнының (бұрынғы АМТ) ғимараты
Qarmet кәсіпорнының (бұрынғы АМТ) ғимараты. Фото: КРЕМ баспасөз қызметі

Qarmet кәсіпорнының (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау") жаңа иесіне қатаң талап қойылды. Бұл туралы президент "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады.

Кейбір өңірлердегі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарда апаттардың жиілеп кетуі бүкіл еліміздегі инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетті", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келеді.

"Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізіп, қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеуде, жаңа нысандарды іске қосуда, жылу және басқа да инженерлік желілерді жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда, биыл еліміздің батысында электр желілерінің өткізу мүмкіндігін екі еседен астам арттыруға ықпал еткен ауқымды жоба жүзеге асырылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, таяуда Allur компаниялар тобын басқаратын қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев Qarmet кәсіпорнының (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау") жаңа инвесторы болды. Сондай-ақ кәсіпорынға бұрынғы Qarmet тарихи атауы берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050388-toqaev-qarmet-kompaniyasynyn-zana-iesine-qandai-talap-koiylatynyn-aitty/

pixel