Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да AMANAT пен Үкіметтің жобаларын түсіндіруден 40 күндік ақпараттық марафон өтті

Опубликовано:

"AMANAT" пен Үкімет жобаларды бірлесіп жүзеге асыруда
Сурет: БҚО әкімдігі

"Ауыл Аманаты" жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша қырық күндік ақпараттық марафон өтті. Мобильді топтар елдің барлық облысындағы 175 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округін аралады.

Бүгінде Мемлекет басшысының ел мүддесі үшін жолдаған арнайы Жолдауы жүзеге асырылып, оң нәтижелер көрсетуде. Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға тапсырма берді. Тапсырманың орындалуы жауапты құзыретті органдардың жіті назарында болды. Олардың алдыңғы қатарында AMANAT партиясының бой көрсетіп, белсенділік танытқаны мәлім.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге негізделген "Ауыл аманаты" бағдарламасы өңіріміз үшін пайдалы әрі нәтижелі бола білді. Жобаны жүзеге асырмас бұрын "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын" іске асыру шеңберінде түсіндіру бойынша ақпараттық марафон өтті. Жайық өңірінде барлығы 25 кездесу ұйымдастырылып, оған 1752 азамат қатысты. Кездесу барысында мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берудің, лизингтің жаңа мүмкіндіктері және халықтың табысын арттыруға бағытталған басқа да құралдарға қатысты ауыл азаматтарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымдағы алғашқы сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Осы мәлімдеме негізінде AMANAT партиясы аталған жобаны Үкіметпен бірлесіп жүзеге асыруда. Оның дәлелі облысымызға "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге кредиттік қаражат бөлінді. Осы қаржыға 742 микрокредит беріліп, 787 жұмыс орны құрылатын болады.

Облыста 2023-2024 жылдары микрокредиттер мына бағыттар бойынша беріледі: мал шаруашылығы, соның ішінде сүтті бағыттағы ірі қара мен құс шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын өнімдерін өсіру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, шағын кәсіпкерлікті дамыту; Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; "Ауыл аманаты" бағдарламасын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында облыстық, 12 аудандық және 147 ауылдық округте жобалық кеңселер құрылды. Құрамында мәслихат депутаттары, "Атамекен" ҰКП және AMANAT партиясы филиалының мүшелерінен комиссия құрамы жасақталып, ауыл тұрғындары арасында жергілікті жерлерге шығу арқылы түсінік жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс көлемінде 394 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, соның ішінде 270 ауыл шаруашылығы кооперативі нақты жұмыс істеп тұр. Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің негізі, яғни, 204-і етті мал шаруашылығы, 43-і сүтті бағыттағы, 11-і өсімдік шаруашылығы бойынша, бесеуі сервистік қызмет көрсету бойынша, үшеуі бау-бақша шаруашылығы, тағы үшеуі бал ара шаруашылығы және біреуі су шаруашылығы бойынша мамандандырылған.

Бүгінгі күнге бөлінген қаржы көлеміне 1007 өтінім қабылданып, қарастырылып жатыр. 6,5 миллиард теңгеге несие алуға 1004 өтініш мақұлданса, 5,8 миллиард теңгеге 765 микрокредит берілді. Сонымен қатар 1,6 миллиард теңгеге 239 өтініштің құжаттарын дұрыстауға дейін кері қайтарылды. Бағдарлама шеңберінде 51 ауыл шаруашылығы кооперативі, 661 жеке кәсіпкерлік құрылып, несиеленуге өтініш беріп, 738 жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар атқарылуда. Мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 4,3 миллиард теңгеге 650 өтініш, өсімдік шаруашылығына 72 миллион теңгеге 10 өтініш, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 163,3 миллион теңгеге 16 өтініш, сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті дамытуға 202,5 миллион теңгеге 29 өтініш түсіп отыр.

Бүгінгі күнге сүтті МІҚ шаруашылығы бойынша 6507 бас сатып алу жоспарланған өтініштер мақұлданып, беріліп жатыр. 2024 жылғы бюджетті нақтылау мақсатында облысымыздың 147 ауылдық округіне скрининг жүргізілген еді. Скрининг нәтижесіне сәйкес несие алуға өтініш білдіріп отырған іскер жандардың саны 1345 адам. Жобалардың болжамды құны 9,1 миллиард теңге. Бұл ақпараттар AMANAT партиясы БҚОФ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі - Кенжалы Төремұратовтың тікелей эфирінде егжей-тегжейлі баяндалды. Халыққа мұндай кәсіпкерлікті қолдау шараларын түсіндіру жұмыстары жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050450-bqo-da-amanat-pen-ukimettin-zobalaryn-tusinduden-40-kundik-aqparattyq-marafon-otti/

pixel