jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ақша жұмыс істеуге тиіс": Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялау тетігін түсіндірді

    ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова
    ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова. Фото: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

    Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова БЖЗҚ қаражатын инфрақұрылымға инвестициялау тетігі туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    БЖЗҚ салымшыларының қаражатын "Бәйтерек" пен "Самұрық-Қазына" квазимемлекеттік компанияларының облигацияларына инвестициялау жоспарланып отыр. Жоспар 2023-2024 жылдары жүзеге асырылмақ.

    "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ нарықтық шарттарда облигациялар шығарады, ал БЖЗҚ осы бағалы қағаздарға қаражат салады. Бұл құрал толығымен ашық тетік болып табылады. Облигациялар Қазақстанның қор биржасына шығарылады», – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

    Өз кезегінде, квазимемлекеттік компаниялардың өздері оларды өңдеу өнеркәсібіндегі және экономика үшін маңызды басқа да салалардағы ірі жобаларды қаржыландыруға бағыттайды.

    "Ақша жұмыс істеуі керек екенін бәріңіз білесіздер, әйтпесе оны инфляция құнсыздандырады. Осыған байланысты БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері алынбайды және жұмсалмайды, бірақ шетелдік активтерге де, ел ішіндегі активтерге де нарық жағдайында үнемі инвестицияланатын болады", – деді Әлия Молдабекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.