Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Сүлейменова: Оқушыларымыз математикадан Грекия, Румыния, БАӘ-мен тең түсті

Опубликовано:

Жұлдыз Сүлейменова
Жұлдыз Сүлейменова. Фото: Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова білім саласына қатысты бірқатар мәселені көтеріп, премьер-министріның орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауалын жолдады.

"Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жан-жақты жоспарлап, тиянақты жасалған шаруа ерте ме, кеш пе, жемісін беретіні сөзсіз. Мысалы, біз соңғы жылдары білім беру саласына баса мән беріп келеміз. Нақты шешімдер мен шаралардың арқасында мұғалім мәртебесі әлдеқайда көтерілді. Мектептегі орын тапшылығын жою үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылуда. Биыл жүзге жуық білім ошағы бой көтерді. Осындай ауқымды жұмыстың нақты нәтижесі бар. Халықаралық PISA рейтингі бойынша Қазақстандағы орта білімнің сапасы едәуір артты. Басқа да салаларда оң өзгеріс бар", – деп алқалы жиында білім мәселесінің нәтижелеріне арнайы тоқталған болатын", – деді депутаты.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстандық оқушылар математикалық сауаттылықтан 425 балл жинақтап, Грекия, Румыния, Біріккен Араб әмірліктері оқушыларымен тең түсті. Оқу сауаттынан 386 балл жинақтап, Малайзия, Сауд Арабиясы оқушыларымен тең білім сапасын көрсетті. Жаратылыстану бағытында зерттеудің 2018 жылғы нәтижелерімен салыстырғанда, көрсеткіштері +26 балға жоғарылады. Пандемияның салдарынан ОЭСР елдерінің басым көпшілігі едәуір білім сапасы бойынша ұпайларын жоғалтса, елімізде алға ілгерілеу бар екендігін, оның ішінде математика 54 орыннан 46 орынға және жаратылыстанудан 69 орыннан 49 орынға көтерілгендігімізді атап өту қажет. Мұндай динамикалық көрсеткіш, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласындағы ауқымды реформаларының нәтижесінде мүмкін болды.

Осы реформалардың, оның ішінде қала және ауыл балаларының білім сапасындағы алшақтықты азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу, білімнің сапасын арттыруға арналған Мемлекет Басшысы реформаларының жүйелі жүзеге асырылуы АМАНАТ партиясының сайлауалды бағдарламасында басты бағыты ретінде айқындалған.

Үкімет тарапынан бүгінде "БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ" Ұлттық баяндамасын әзірлеп, білім сапасын арттыруға көңіл бөлгендігіңізді құптаймыз. Қол жеткізген нәтижелер жақсы, дегенмен мұнымен тоқтап қалмай, алға жылжуымыз қажеттігін ескере отырып, келесі ұсыныстарды енгіземіз, – деді депутат.

Жұлдыз Сүлейменова ұсыныстарын да жеткізді. Атап айтқанда:

  1. Қол жеткізген нәтижені арттыруға арнайы шаралар жоспары қабылданып, барлық педагогикалық қауымдастықпен талқылануы шарт. PISA зерттеулерінің нәтижелерін Оқу-ағарту министрлігі толығымен талдап, сараптама нәтижесінде "қатемен жұмыс" нақты әдістемелік ұсыныстарды әзірлеп, оны педагогтарымыз әрі қарай жұмыстарында пайдалануы өзекті. PISA рейтингісіндегі алдынғы қатарындағы Сингапур, Гонконг, Кореяның білім мазмұны және білім жүйесі зерделеніп, озық тәжірибелерді енгізу мүмкіндіктері қарастырылсын.
  2. Оқу сауаттылығы бойынша жалпы Үкімет кітапхана, кітап оқу, оқуға құштар мектеп деген жобаларын кешенді негізде сапалы жүзеге асыруға мән беру қажеттігіне тағы да көңіл аударамыз. Кітапхана жұмысының жаңа мазмұны мен кітапханашылар мәртебесін арттыру жұмысы жүзеге асырылсын.
  3. Мұғалімдердің мәртебесін әрі қарай қолдауға, әрі қарай арттыруға нақты шаралар қабылдануы қажет. Педагогтардың кәсіби дамуы және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді қолға алу кезек күттірмейтін міндет деп ойлаймыз.
  4. Дамыған мемлекеттер оқу бағдарламаларының мазмұнын 4-5 жылда жетілдіріп тұрады. Білім мазмұнын қазіргі жасанды интеллект заманын талаптарына сай өзгертуге байланысты, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына өзгеріс енгізу қай деңгейде? Келесі оқу жылында енгізіліп бастала ма? Нақты жоспар бекітілуге тиіс.
  5. Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуге – тәуелсіз сыртқы бағалау ретінде тиісті қаражат бөлініп, оның сапалы, әділ, ашық өтуіне министрлік нақты шаралар қабылдауы кезек күттірмейтін мәселе. Білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесін құру бойынша кешенді шаралар қабылдануы шарт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050665-zuldyz-suleimenova-oqusylarymyz-matematikadan-grekiya-rumyniya-baa-men-ten-tusti/

pixel