Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Опубликовано:

Ерхан Таткен
Ерхан Таткен. Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін, 13 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі басшысы – баспасөз хатшысы болып Таткен Ерхан Ерланұлы тағайындалды.

Әкімдік ақпараты бойынша, Ерхан Таткен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының облыстық филиалында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған. Одан кейін "Хабар" агенттігінде журналист болды.

2016-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегі баспасөз қызметінде жұмыс істеген.

2020-2023 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде баспасөз қызметінің басшысы, кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры – министрліктің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ бұған дейін ол квазимемлекеттік секторда қоғаммен байланыс (PR) бағыты бойынша жұмыс істеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050715-bqo-akiminin-baspasoz-xatsysy-tagaiyndaldy/

pixel