Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлады.

"Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ президент зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестігін білдірді.

Бұған дейін Қытайда елдің солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 118-ге артқанын хабарлаған едік. Жергілікті билік 4700-ден астам үй қирап қалғанын хабарлады.

Табиғи апат салдарынан хабар-ошарсыз кеткендердің саны әлі белгісіз. Апат аймағына 2200-ге жуық құтқарушы аттанған. Құтқару жұмыстарына әскерилер мен полицейлер де қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050759-toqaev-si-czinpinge-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel