jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Халық спортпен шұғылдануы қажет": Тоқаев Астанадағы үстел теннисі орталығына барды

    Президент Астанадағы үстел теннисі орталығына барды
    Президент Астанадағы үстел теннисі орталығына барды. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы үстел теннисі орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Елорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты.

    Мемлекет басшысына аталған орталықтың Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) талаптарына толық сай келетіні жөнінде мәлімет берілді. Спорт нысанында республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге, сондай-ақ еліміздің ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға болады.

    Жалпы ауданы 3700 шаршы метрді құрайтын орталық жарыс кезінде 16, ал жаттығу кезінде 26 теннис үстелін қоюға есептелген.

    Сонымен қатар мұнда 416 адамға арналған көрермендер трибунасы, жаттығу залы, медицина кабинеті, бапкерлер мен төрешілер бөлмесі бар.

    "Әрбір облыс орталығында үстел теннисіне арналған залдар болуы керек. Халық спортпен шұғылдануы қажет", – деді президент.

    "Халық спортпен шұғылдануы қажет": Тоқаев Астанадағы үстел теннисі орталығына барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.