Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Сұңғат Есімханов
Сұңғат Есімханов. Фото: gov.kz

Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген.

1996-2000 жылдары аралығында "Алюминий Қазақстан" АҚ гидрометаллургиялық цехында еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары аралығында ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерде директор болды.

2008 жылы — "Қаныш Сатпаев атындағы арна" РМК бас директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары — Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқармасы басшысы.

2010-2013 жылдары — "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті.

2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры.

2014-2018 жылдары — Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы.

2018-2020 жылдары — энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021-2022 жылдары — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2051414-sungat-esimxanov-energetika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/