Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиді лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбдел Фаттах Ас-Сиси
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбдел Фаттах Ас-Сиси. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сисиді Мысыр Араб Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі, сондай-ақ Мысыр халқының өзіңізге артқан зор сенімі деп білемін. Осы ретте еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігіміз болашақта да жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2051572-toqaev-mysyr-prezidenti-abdel-fattax-as-sisidi-lauazymyna-qaita-sailanuymen-quttyqtady/

pixel