Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күміс Сейітова Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Күміс Сейітова
Күміс Сейітова. Фото: Үкімет

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Күміс Қарсақбайқызы Сейітова Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы үкімет Telegram арнасында хабарлады.

Күміс Сейітова 1970 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Жезқазған педагогтік институтын, жеке меншіктегі "Болашақ" академиясын, Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Дария станциясындағы желілік ауруханада кіші медбике болып бастады.

1988 жылы балабақшада тәрбиеші болды.

1993-1995 жылдары — Қазақстан жастары Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы.

1995-1997 жылдары — Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер.

1997-2004 жылдары Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде экскурсия жетекшісі, директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 

2004-2021 жылдар аралығында Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі құрылымында жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды. Осылайша, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052149-kumis-seiitova-madeniet-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel