Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дактилоскопиялық тіркеу мәселелері, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Тоқаев екі бірдей заңға қол қойды

Опубликовано:

саусақ ізін алу
Саусақ ізін алу. Көрнекі фото: leezsnow/Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлайды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052281-toqaev-daktiloskopiyalyq-tirkeu-maseleleri-boiynsa-zanga-qol-qoidy/

pixel