Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурызда кездескен сәті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурызда кездескен сәті. Фото: aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

"2003 жылғы шарт қазақ-қырғыз қатынастарының дамуында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Біздің көпжақты мемлекетаралық байланыстарымызды тиімді ілгерілету үшін берік шарттық-құқықтық негіз қаланды.

Барлық деңгейдегі белсенді саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы тығыз ықпалдастығы – соның айқын дәлелі", - деп жазылған жеделхатта.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар одан әрі нығайып, екіжақты ықпалдастықтың орасан зор әлеуеті бауырлас халықтардың игілігі үшін қызмет ете беретініне сенім білдіргені айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052417-toqaev-qyrgyzstan-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel