Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттік жастар кадр резервіне өткендердің тізімі жарияланды

Опубликовано:

шенеунік
Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің қорытындысы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ұлттық комиссияның шешімімен Резервке 50 адам қабылданған. Іріктелген кандидаттардың тізімі pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланды.

Жалпы Ұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.

Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі - 3 жыл.

Ақорда сайтындағы мәліметке қарағанда, Президенттік жастар кадр резерві - мемлекет басшысының талантты жастар үшін пәрменді әлеуметтік лифт болып табылатын алғашқы жария бастамаларының бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу екі жылда бір рет өтеді.

Бұдан бұрын тиісті резерв 2019 және 2021 жылдары жасақталған еді. Олардың ішінен 264 резервші мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы әртүрлі лауазымдарға тағайындалды. 31 резервші саяси лауазымдарды, алтауы "А" корпусының әкімшілік лауазымдарын атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052420-prezidenttik-zastar-kadr-rezervine-otkenderdin-tizimi-zariyalandy/

pixel