Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар биыл ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда 31 миллионнан астам қызмет алды

Опубликовано:

ХҚО-да қызмет алу
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ

2023 жылы азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарына жүгіну арқылы 16,6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алса, тағы 15 миллионнан астам қызметті ХҚКО-лардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.

Айта кетсек, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді: ЭЦҚ алу, көлік құралдарын тіркеу және жеке куәліктер мен паспорттар алу.

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев жылды қорытындылай келе:

"Біз үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы ғана емес, сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін сервистерді де дамыту маңызды. Қазақстандықтар үшін біз мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырған бірқатар инновациялық шешімдерді енгіздік. Мәселен, "ХҚКО" мобильді қосымшасының функционалы артты. Ол арқылы биыл 300 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Келер жылы Мемлекеттік корпорация процестерді автоматтандыруды жалғастырады. Бұл ашықтықты, азаматтар мен бизнес үшін кедергілердің жойылуын, деректердің қауіпсіздігін және нәтижесінде азаматтардың мемлекетке деген сенімінің артуын қамтамасыз етеді" – деді.

Мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалықтары "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпараттық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функцияларының "Азаматтарға арналған үкіметке" берілуі, Астана және Алматы ХҚКО-ларында паспорт пен жеке куәлік дайындауға өтінім беруге болатын құжаттаудың 12 терминалының орнатылуы болды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-ларда ЖЖЕ 3.0 жүйесін, яғни жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырудың бақылау деңгейі жоғары жаңа жүйесін енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052518-qazaqstandyqtar-biyl-xqko-men-mamandandyrylgan-xqko-larda-31-millionnan-astam-qyzmet-aldy/

pixel