Путин Тоқаевты Ельцин атындағы президенттік кітапханада қарсы алды (видео)
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президент баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барғанын жазған едік.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2052564-putin-toqaevty-elcin-atyndagy-prezidenttik-kitapxanada-qarsy-aldy-video/