Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД басшыларымен
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД басшыларымен. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

ТМД елдерінің басшылары
ТМД елдерінің басшылары. Фото: Ақорда

Жиын барысында ТМД елдерінің көшбасшылары ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарын талқылады. Сондай-ақ ТМД аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052790-toqaev-tmd-ga-muse-memleketter-bassylarynyn-beiresmi-kezdesuine-qatysty/

pixel