Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қошанов Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы: Оған құқығы бар, алаңдауға негіз жоқ

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің 2022 жылғы кездесуі
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің 2022 жылғы кездесуі. Фото: Elbasy.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа Қазақстанда қос билік бар ма деген сұрақ төтесінен қойылды, өйткені экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әлі күнге сапарлар мен кездесулер өткізіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер мәжіліс кулуарында елдегі қос билік туралы сұрақты Қошановқа Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана Клуб" отырысына қатысуы мен Владимир Путинмен Мәскеуде жеке кездесу өткізуіне байланысты қойған.

"Жұрттың алаңдауына негіз жоқ. Біріншіден, бүгінде қос билік жоқ және болуы мүмкін емес. Бүгінде барлық шешімді халықтың басым көпшілігі сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Ең алдымен, экс-президент мемлекеттік мәселелер мен мемлекеттік істерге араласпайды.

Екіншіден, оның кездесулері немесе ол өткізетін іс-шаралар мен сапарлар - өзі жүзеге асыратын іс-шаралар. Бұл оның азамат ретіндегі жеке құқығы", - деді Қошанов.

Еске салайық, өткен аптада Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жеке кездесу өткізгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052937-qosanov-nazarbaevtyn-maskeuge-sapary-turaly-ogan-quqygy-bar-alandauga-negiz-zoq/

pixel