Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамеджан Таласов қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Мұхамеджан Таласов
Мұхамеджан Таласов. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарда.

Таласов Қазақстан республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне 2020 жылғы қазанда тағайындалған болатын.

Ол 1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген. Әскери атағы генерал-лейтенант. ІІ дәрежелі "Даңқ" (2018), ІІ дәрежелі "Айбын" (2012) ордендерімен марапатталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қайрат Сүнтаевты Ішкі істер министрінің орынбасары, Ерлан Оразбайды Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053141-toqaev-birnese-seneunikti-lauazymynan-bosatty/

pixel