Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Садуақасов "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Қайрат Садуақасов
Қайрат Садуақасов. Фото: “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ

"KazakhTourism "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы болып Қайрат Садуақасов тағайындалды.

Қайрат Серікұлы Садуақасов 1980 жылы 8 қыркүйекте дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Туризм" мамандығы бойынша (2003), Болашақ бағдарламасы бойынша New York University магистратурасын "Tourism Management" мамандығы бойынша (2013) тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы InterСontinental Astana қонақ үйінің ресепшн қызметкері ретінде бастаған. Кейін Front Office бөлімінің супервайзері және тренинг үйлестірушісі болып жұмыс істеді.

2003 жылдан 2006 жылға дейін халықаралық компаниялар мен бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді. 2006 жылдан 2011 жылға дейін "International Exchange Center" халықаралық агенттігінің өкілдігінде туристік бағдарламалар жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2013 жылы "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ туризм департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының штаттан тыс кеңесшісі.

2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында туризмді дамытуға байланысты түрлі лауазымдарды атқарды.

Министрлікте жұмыс істеген уақытында "Қамқор" туристердің құқықтарын қорғау қорын құра отырып, шығу туризмі саласында реформа жүргізді. Сондай-ақ стратегиялық құжаттар мен мастер жоспарлар әзірлеуде, 72 сағаттық визасыз транзитті бекітуде, ҚХР-мен топтық визалар бойынша ADS келісім жасасуға және т.б. қатысты.

2017 жылдың қазан айында "KazakhTourism "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. 2020 жылға дейін туризм саласындағы маркетинг, ілгерілету, іс-шаралар және арнайы іс-шаралар мәселелеріне жетекшілік етті. 2020 жылдан бастап туристік дестинацияларды, өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту, туризм саласында мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын әзірлеу және енгізу, креативті туризмді дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

Басқарма мүшесі ретінде жұмыс істеген уақытында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленді
  • Туробъектілер мен жол бойындағы сервисті салу кезінде инвестициялық шығындарды, туристік сыныптағы автокөлікті сатып алу шығындарын және т.б. өтеу бойынша бизнесті қолдаудың мемлекеттік шаралары әзірленді.
  • Балаларға арналған Kids Go Free авиабилеттерінің құнын өтеу жүйесі әзірленді және енгізілді;
  • 1 миллиардтан астам қамтуды қамтамасыз еткен бірқатар сәтті жарнамалық науқандар жүзеге асырылды: "Біз қайда ұшамыз?”, “Travelstan”, “ Kazakhstan. Very nice”;
  • Креативті индустрияларды дамыту үшін негіздер әзірленді, атап айтқанда, креативті индустриялар ұғымын және секторларды креативті индустрияларға жатқызу тәртібін айқындайтын заң жобасы қабылданды.

Туризм және онымен байланысты салаларда 20 жылдық жұмыс өтілі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053309-qairat-saduaqasov-kazakh-tourism-uk-aq-basqarma-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel