Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

Опубликовано:

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері. Фото: gov.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық қызметке өтті. Бұл туралы бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы қарашада ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанның 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтарын тұжырымдауды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Президент еліміз ұйымды үдемелі және теңгерімді дамытуға, мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін ескере отырып, ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанын айтты.

Осыған байланысты Тоқаев Қазақстанның төрағалығы кезеңінде ұйымның қызметіне назар аудару қажет бірқатар басым бағытты ұсынды. Бұл бағыттар Қазақстан президентінің ресми сайтында жарияланған:

  • ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның құрылымдарымен арада қалыптасқан ықпалдастық деңгейін сақтауға баса мән беру;
  • Әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша қарым-қатынас Ұйым қызметінің екінші маңызды бағыты ретінде ұсынылды. Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ Ұжымдық күштерін жедел әрекет ету мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет;
  • Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытындағы ынтымақтастықты дамыту ісі. Мемлекет басшысының айтуынша, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің терроризмге қарсы қызметіне жіті назар аударылады;
  • Есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына да қарсы күрес жүргізу;
  • Қару-жарақтың заңсыз айналымымен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту.

Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ның бас хатшысы - Иманғали Тасмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053526-qazaqstan-1-qantardan-bastap-uqsu-ga-toragalyq-etedi/

pixel