Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.

"Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін.

Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053537-toqaev-kuba-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel