Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Зузана Чапутованы құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зузанна Чапутова
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зузанна Чапутова. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Зузана Чапутованы Словак Республикасының құрылған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

"Егемендік пен бірлік құндылықтарын ту еткен еліңіз бүгінде өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделін арттыруда биік белестерді бағындырып келеді. Осы тұста Отаныңыз баянды өркендеуін жалғастырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін.

Қазақстан мен Словакия арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтемін. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де зор жетістіктерге толы болатынына кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зузана Чапутованың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал словак халқына бақ-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053542-toqaev-zuzana-caputovany-quttyqtady/

pixel