Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ауқымды сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы мен АЭС құрылысы жайлы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ертең, 3 қаңтарда Egemen Qazaqstan газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарық көреді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады", — делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.

Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053583-toqaev-auqymdy-suxbat-berip-qantar-oqigasy-men-aes-qurylysy-zaily-aitty/

pixel