Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алмақтың да салмағы бар": президент қазіргі үкіметтің жұмысы туралы қандай пікірде

Опубликовано:

үкімет отырысы
Үкімет отырысы. фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне ауқымды сұхбат берді. Әңгімелесу барысында президент үкімет жұмысы туралы ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист қазір көптеген отандасымыз қымбатшылық белең алғанына, тариф­­тердің өсіп жатқанына, жұмыс­­сыздық мәселесінің шиеленіс­кеніне және аймақтардағы жалпы ахуал­ға алаңдап отырғанын айтты. Бұл ретте ол президенттен "қазіргі үкіметтің стратегия­лық міндеттерді іске асыруға қау­қа­ры бар ма, үкімет жұ­мы­сы­ның тиімділігіне қандай баға бересіз?" деп сұрады.

Президенттің сөзінше, кез келген елдің үкіметі страте­гия­­лық міндеттері мен күнделікті жұ­мы­сын қоса атқарады. Ең бастысы, тиімді жоспарлау және ресурстарды орынды пайдалану керек.

"Үкіметтің қазіргі құрамы былтыр көктемде ғана жасақталды. Конституциялық реформа жасалып, Парламент сайлауы өткен соң алдыңғы Парламенттің де, Үкіметтің де мандаты күшін жойды. Конституцияға сәйкес бұрынғы Үкімет жаңадан сай­ланған Мәжіліс депутаттарының алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Сай­лауда ең көп дауыс алған «Amanat» партиясы Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды. Әрине, партия мұны Президентпен ақылдаса оты­рып жүзеге асырғанын жасырмай­мын. «Amanat» партиясының сайлау ал­дындағы тұғырнамасының экономи­каға қатысты бөлігі қазіргі Үкіметтің бағдарламасы негізінде жасалды.

Бүгінде Үкіметтің өкілеттігі айтар­лық­тай кеңейді. Қыркүйек айында құры­лымы өзгерген Президент Әкім­шілігі еліміздің әлеуметтік-экономи­калық дамуына қатысты стратегиялық бағыттарға баса назар аударатын болды. Енді Әкімшілік бұрынғыдай Үкіметті, кейбір министрліктер мен ведомстволарды жетелеп жүрмейді. Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпай, бас­ты саяси штаб ретінде ғана жұмыс істейді. Осыған дейін екі органның да құзырында болған бірқатар өкілеттік Үкіметке берілді. Түрлі салаға қатысты шешім қабылдау құқығы Үкіметке және басқа да жауапты органдарға өтті. Аймақтардың бюджетке қатысты дербестігі арта түсті.

Бір сөзбен айтсақ, қазір Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті. Атқарушы билікке жан-жақты ойластырылған іс-қимыл стратегиясы және өз міндетін тиімді жүзеге асыруға деген ынта-жігер ғана қажет. Дербестікке және қосымша өкілеттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қалағанын алды. Бірақ «алмақтың да салмағы бар», оларға қойылатын талап та күшейді. Үкімет мұны түсінуге тиіс", - делі мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053649-almaqtyn-da-salmagy-bar-prezident-qazirgi-ukimettin-zumysy-turaly-qandai-pikirde/

pixel