Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Назарбаевтың таяуда шыққан мемуары туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы. Фото: kaz.nur.kz/Ардақ Құлтай

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне көлемді сұхбат берді. Онда ол Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бодандықтан бостандыққа. Менің өмірім" деп аталатын мемуары туралы ойын білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл кітап тәуелсіз мемлекет құру ісінің жылнамасы ретінде оқырман қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Кезінде бір айтқыш "Мемуарда шындықтың жартысы айтылса да, ол тарихи оқиғалардың ауқымын бағамдауға жеткілікті" деген екен.

Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз ман­сабын комсомол белсендісі ретін­де Хрущев заманында бастап, ара­да алпыс жылдан астам уақыт өткен­­нен кейін қызметтен кетті. Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуы­на қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам", - деді президент.

Тоқаев мемуарларды, публицистика­лық шығармаларды, саяси очерктерді әрдайым ыждағатпен оқитынын айтты. Алайда ол өзі журналистің "мемуар жазасыз ба" деген сұрағына "мен үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес" деп қысқа жауап берді.

Еске салайық, былтыр 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бодандықтан бостандыққа. Менің өмірім" деп аталатын мемуары сатылымға шыққан болатын. Елдегі саяси оқиғаларды, билік құрылымын, отбасы және оппозиция туралы айтылған кітабын Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053664-toqaev-nazarbaevtyn-tayauda-syqqan-memuary-turaly-pikir-bildirdi/

pixel