Президент Әнуар Сабыровты қызметінен босатты
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әнуар Сабыровты Жоғары сот кеңесінің хатшысы - аппарат басшысы қызметінен босатты. Өкім Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабыров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сабыров бұл қызметті 2015 жылдың желтоқсанын бері атқарып келді.
Әнуар Сабыров 1980 жылы 3 қазанда дүниеге келген. Бұл қызметіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053947-prezident-anuar-sabyrovty-qyzmetinen-bosatty/