Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Мырзахметов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Қол қойып отырған адам
Қол қойып отырған адам. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Мырзахметовті Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындады. Тиісті өкім Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың басында "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойған еді. Осылайша елде арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054656-aidos-myrzaxmetov-arnaiy-operaciyalar-kusterinin-qolbassysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel