Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биыл әскери жиындарға шақырылатындар саны екі есе көбейеді

Опубликовано:

Әскердегі солдаттар
Әскердегі солдаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл әскери жиындарға 3000 қазақстандық шақырылады деп жоспарланып отыр - бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда екі есе көп. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрық "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Оған қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қол қойған.

Құжатта 2024 жылы 3000 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылатыны айтылған. Бұйрықты талқылау 23 қаңтарға дейін жалғасады, деп атап өтілген порталда.

Айта кетейік, 2023 жылы әскери жиындарға 1500 ғана адам шақырылған. Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарынан әскери міндеттілер шақырылғаны хабарланды. Министрліктің мәліметінше, әскерге шақырылған 1500 адам ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1036 сарбаз бар.

Қазақстандағы әскери міндеттілер әскери жиындарға мынадай негіздерде шақырылады:

Egov.kz сайтындағы мәлімет бойынша, әскери міндеттілер әскери жиындарға шақырылады:

1. Орталық атқарушы органдар өткізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғанысты даярлау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054752-qazaqstanda-biyl-askeri-ziyndarga-saqyrylatyndar-sany-eki-ese-kobeiedi/

pixel