Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ирандағы төтенше және өкілетті елшіні лауазымынан босатты

Опубликовано:

Асхат Оразбай
Асхат Оразбай. Фото: gov.kz

Асхат Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен кетті. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Асхат Оразбай 1960 жылғы 2 желтоқсанда дүниеге келген.

1985 жылы Ташкент Мемлекеттік Университетінің Шығыстану факультетін бітірген.

1992 жылдан бастап дипломатиялық қызметте.

Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.

2019 жылғы 10 қаңтардан қазірге дейін Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2055016-toqaev-irandagy-totense-zane-okiletti-elsini-lauazymynan-bosatty/

pixel