Асхат Оразбай жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:
Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Оразбай Асхат Тұтқышбайұлы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Асхат Оразбай 1960 жылғы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 1985 жылы Ташкент Мемлекеттік Университетінің Шығыстану факультетін бітірген.
1992 жылдан бастап дипломатиялық қызметте.
- 1992-1994 жылдары – ҚР СІМ Таяу Шығыс департаментінің екінші, кейін бірінші хатшысы.
- 1994-1999 жылдары – ҚР-дың Ирандағы Елшілігінің бірінші, кейін кеңесшісі.
- 1999-2001 жылдары – ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.
- 2001-2002 жылдары – БҰҰ-ның Ауғанстандағы Арнайы миссиясының саяси істер қызметкері.
- 2002-2003 жылдары – ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің директоры.
- 2004 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші.
- 2004-2006 жылдары – Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, Тегеран.
- 2006-2008 жылдары – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі.
Бұған қоса Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.
2019 жылғы 10 қаңтардан қазірге дейін Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Оразбай бүгін Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметінен босатылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2055026-asxat-orazbai-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/