СІМ Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады СІМ Telegram-дағы ресми арнасында.
"Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы "бір Қытай" қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды", – деп жазады СІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство өкілдері Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2055398-sim-taivandagy-sailau-qorytyndylaryna-qatysty-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.