Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді": депутат мобильді аударымдарды жайына қалдыруды талап етті

Опубликовано:

Шотты есептеп отырған әйел адам
Чек пен калькулятор. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс отырысында "Ақ жол" партиясының депутаты биыл 1 қаңтардан бастап енгізіліп, ауқымды қоғамдық резонанс тудырған жедел аударымдарды фискалдық бақылауға қатысты кәсіпкерлерден көптеген өтініш түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Шағын және микро бизнес олигархтар емес, шағын дүкендерде тауар сататын немесе шағын қызмет көрсететін қарапайым адамдар екенін айта кетуіміз керек. Бюджеттен ақша ұрлап, оффшорға шығаратын олар емес.

Ондай кәсіпкер тіпті 5 мың теңге салықтан жалтарса да, бұл ақшаны елде қалдырады, мәселен, ұлына аяқ-киім сатып алып береді немесе шағын кәсібін сәл де болса кеңейтеді.

Түсіндіру кезінде салық органдары әртүрлі тұлғалардан түскен 100 жедел аударым бақылауға жататынын атап көрсетеді. Бірақ олардың мөлшері анықталмаған, яғни, бұл 100-200 теңге көлеміндегі төлемді де бақылауға мүмкіндік береді. Онда Салық органдарына заңды сұрақ туындайды: "Сіздер кімді іздеп жүрсіздер олигархтар мен жемқорларды ма, әлде, күнін әрең көріп отырғандарды ма?", – деді депутат Асқар Садықов.

"Ақ жол" партиясының сауалында депутат мұндай бақылаудан табысы орташа жалақыдан төмен қарапайым таксисттер, тігіншілер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар зардап шегетінін айтты.

Демек сіздер әрең күн күн көріп жүргендерге салық салғыларыңыз келеді. Онда оларға жұмысты тоқтатып, мемлекеттен әлеуметтік көмек алу оңайырақ болмақ.

"Демек сіздер күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді. Олай болса оларға жұмысын тоқтатып, мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отыру оңайырақ болмақ.

Жалпы алғанда, жедел аударымға енгізген толық бақылау жемқор шенеуніктерге емес, тек адал шағын бизнеске ғана әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы кәсіпкерлердің, халықтың және мемлекеттің мүддесін ескере отырып, жедел аударымдарға салық салу тәсілін қайта қарауды талап етеді", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2055983-kunin-aren-korip-zurgenderge-salyq-salyp-zatyrsyzdar-deputat-mobildi-audarymdardy-zaiyna-qaldyrudy-talap-etti/

pixel