Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға келді. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Ақорда баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға келді. Фото: t.me/aqorda_resmi

Сонымен қатар Тоқаев "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан президенті қаңтардың 19-ы Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056089-qasym-zomart-toqaev-italiyaga-resmi-saparmen-keldi-video/

pixel