Ертең парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралады
Жарияланған күні:
Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе талқыланатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Депутат ертең өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында БҰҰ арқылы Қазақстанның бітімгершілік күштерін шетелге жіберу мәселесі қаралатынын хабарлады. Бұл туралы ол сенат кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты.
"Президент тарапынан ұсыныс келіп түссе, бұл тақырып парламенттің бірлескен отырысында қаралып, бекітіледі. Сондықтан негізгі қаралатын мәселе осы деп күтілуде", - деді Әлназарова.
Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.
Қос палатаның бірлескен отырысы 19 қаңтарда сағат 10:00-де өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056145-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysynda-ne-talqylanady/