Тоқаев Италия президентінің резиденциясына барды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президентімен келіссөз жүргізу үшін Квиринале сарайына барды, деп хабарлайды Ақорданың Тelegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Сержо Маттарелла қарсы алды.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 қаңтарда Италияға ресми сапармен барғанын жазған едік.
Ақорда баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Тоқаев "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан президенті қаңтардың 19-ы Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеседі.
Бұдан бөлек, президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056268-toqaev-italiya-prezidentinin-rezidenciyasyna-bardy-foto/