Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жигули Дайрабаев пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев. Фото: facebook.com/Жигули Дайрабаев

Жигули Дайрабаев, Дәулет Тұрлыханов және тағы бірқатар адам Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды. Бұл туралы Ақорданың Facebook-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері тартылған:

  • ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева;
  • "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
  • Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
  • ҚР парламент мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов;
  • Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова;
  • пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова;
  • дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов;
  • "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько.

​Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.

​"Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды", - делінген хабарда.

​Қазіргі уақытта көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056364-ziguli-dairabaev-pen-daulet-turlyxanov-ulttyq-quryltai-quramynan-sygaryldy/

pixel