Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен жұбайына және адвокатына қатысты сот басталды

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: ktk.kz

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір іс қаралып жатыр. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы министр мен жұбайына және адвокатына қатысты сот басталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, экс-министр былтыр 20 маусымда бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып сегіз жылға сотталған. Бірер аптадан соң антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының жары Ғалия Ысқақова пара беруге оқталғанын хабарлады. Экс-министрдің адвокаты да алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекетін жасады деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, адвокат Мұхамедиұлының әйелінен қылмыстық жазаны жеңілдету және қамаудан босату үшін деп 460 мың доллар алыпты. Ол сол қаражатты сот органдарының лауазымды адамдарына бермек болған.

"Арыстанбек Мұхамедиұлына аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін, яғни, қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі және 367-бабының 4-бөлігі бойынша, ал адвокатқа аса ірі мөлшерде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайына парақорлыққа делдалдық жасады деген айып тағылған", - деп мәлім етті Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056505-arystanbek-muxamediuly-men-zubaiyna-zane-advokatyna-qatysty-sot-bastaldy/

pixel