Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа басшысын тағайындады

Опубликовано:

Асқар Мұстабеков
Асқар Мұстабеков. Фото: nuo.kz

Президент Ұлттық қорғаныс университетінің бастығын қызметінен босатып, орнына жаңа басшы тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген өкімде.

Сондай-ақ Ақорда сайтында бұл қызметтен кеткен Лұт Әлшекенов туралы өкім жарияланды.

Ұлттық қорғаныс университетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, генерал-майор Мұстабеков Асқар Досбосынұлы бұрын университет бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ оқу-әдістемелік басқарманың бастығы лауазымында жұмыс істеген. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056806-prezident-ulttyq-qorganys-universitetinin-zana-bassysyn-tagaiyndady/

pixel